Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лукашенко "Украинаға әскер кіргізген Ресейді қолдады" деген ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Александр Лукашенко
Александр Лукашенко. Фото: БелТА

Александр Лукашенко "Беларусь Украина аумағына басып кірген Ресей әскерін қолдап отыр" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Нағыз оңбағандар! Біздің әскерлер бұл операцияға мүлде қатысып жатқан жоқ", - деді Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте.

Ол Путинге Беларустың оңтүстігінде Ресей қарулы күштерінің біршама бөлігін қалдыруды өзі ұсынғанын жеткізді.

"Жансақ ақпарат болмас үшін түсіндіре кетейін: Мәскеуде өткен соңғы кездесуде Путинге Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің біршама бөлігін өзіміздің Беларустың оңтүстігінде қалдыруды өзім жеке ұсындым. Неге? Мен бұл туралы айтуға қымсынбаймын. Біз бұл жағдайда оңтүстік бағытты қорғауға дайын емес едік. Себебі украиналық шекаралық емес, әскери бөлімшелер шекараға қарай жылжып, онда маневрлер жасай бастады", - деді Лукашенко.

Беларусь елінің басшысы Путин Украинаны басып алуға ниетті емес екенін мәлімдеді.

"Бұл "сау басқа сақина" кімге, не үшін керек? Ешкім де онда өзінің билігін орнатуды көздеп отырған жоқ. Бұл келіссөздер жүргізудің негізі. Осыны негізге ала отырып, нақты мәселені анықтап, шешімдер шығарайық", - деді ол.

Одан бөлек, Лукашенко ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындау мәселесін Беларусь үкіметі қарастырып жатқан жоқ екенін айтты. Бұл жағдайға қатысты ол "өзімізге және Ресейге қажетті" шешімді шығаратынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Минскіде Ресей мен Украина арасында келіссөздер ұйымдастыруды ұсынды. Беларусь президентінің пікірінше, Путиннің бұл операциясы ДХР мен ЛХР-дегі геноцидті тоқтатуға жасаған әрекеті.

Сонымен бірге, Лукашенко Минск пен Мәскеудің мүддесін қорғау қажет болған жағдайда Донбассқа Беларусь әскерін кіргізуге уәде етті.

Еске салсақ, бұған дейін CNN тілшілері Беларусь тарапы жақтан әскери техника украиналық шекарадан басып кіргенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1957748-lukasenko-ukrainaga-askerin-kirgizgen-reseidi-qoldady-degen-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel