jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Илон Маск алғаш рет әлемдегі ең бай адам атанды

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Al Drago/Bloomberg via Getty Images

Әйгілі бизнесмен Илон Маск Forbes нұсқасы бойынша алғаш рет әлемнің ең бай адамдары тізімінде көш бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Forbes журналының мәліметінше, қазіргі таңда Илон Масктың байлығы 219 миллиард доллар деп бағаланып отыр. SpaceX компаниясының негізін қалаушы бір жылда 68 миллиард долларға байыған.

Осылайша, Илон Маск бұған дейін әлемдегі ең бай адам саналып келген Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озған. Байлығы 171 миллиард доллар деп бағаланған Джефф Безос рейтингте екінші орынға сырғыды.

Үздік үштікті Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) компаниялар желісінің президенті Бернар Арно қорытындылап отыр. Оның байлығы - 158 миллиард доллар.

Әлемдегі ең бай адам атанған Илон Маскқа келсек, оның электромобильдер шығаратын Tesla компаниясының акциясы өскеннен кейін бизнесменнің байлығы да арта түскен.

Ал Джефф Безос басқаратын Amazon компаниясының акциясы керісінше құлдырап, бизнесмен 6 млрд долларын жоғалтқан.

Илон Маск алғаш рет әлемдегі ең бай адам атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.