Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің БҰҰ Адам құқығы кеңесіндегі мүшелігі тоқтатылды

Жарияланған күні:

БҰҰ Бас Ассамблеясы
Фото: 24tv.ua

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының қайта жалғасқан 11-төтенше арнайы сессиясында БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі Ресейдің мүшелігін тоқтатуға дауыс берілді. Бұл туралы "БҰҰ жаңалықтары" ресми порталы хабарлады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
НАТО: Ресейдің жаңа қару пайдалануы Украинадағы соғыс барысына әсер етпейді

Арнайы сессия БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтті. 58 елмен авторлық бірлестікте Украина ұсынған қарарды 93 мемлекет қолдаған. 24 делегация қарсы болып, 58-і қалыс қалған.

"Резолюция "БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігіне байланысты Ресей федерациясының құқықтарын тоқтата тұру" деп аталады және ол бойынша дауыс беру басқа құжат – БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі 2006 жылы бекіткен Бас ассамблеяның қарары негізінде өтті.

Атап айтқанда, "Бас ассамблея дауыс беруге қатысушылар мен дауыс беруші мүше елдердің үштен екісінің дауысы арқылы адам құқықтарын өрескел және жүйелі түрде бұзған Кеңестің кез келген мүшесін кеңес мүшелігінен шығара алады" делінген", - деп жазады портал.

Дауыс беру алдында сөз сөйлеген Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Сергей Кислиц "адам құқықтарын өрескел бұзатын мемлекеттің АҚК-дегі мүшелігін тоқтату таңдау емес, міндет" екенін айтқан.

"Бүгін біздің көз алдымызда қайғылы оқиға орын алып жатыр", - деді украиналық дипломат Бас ассамблеядағы әріптестерін Ресейдің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі мүшелігін тоқтату туралы ұсынысты қолдауға шақырып.

Ал Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин өз сөзінде қаралып жатқан қарар жобасының іс жүзінде адам құқықтары саласындағы жағдайға еш қатысы жоқ екенін айтты.

"Бүгін біз елдердің шағын тобының күш-жігері арқасында адам құқықтарының архитектурасына қандай үлкен сызат түскенін көріп отырмыз. Ресей үшін әрқашан сындарлы диалогты нығайту, барлық мүдделі тараптарды келіссөздерге тарту маңызды", -деді ол.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 47 мемлекет мүше. Олардың әрқайсысы тең географиялық бөлу қағидасы негізінде тікелей жасырын дауыс беру арқылы Бас ассамблея мүшелерінің көпшілік дауысы арқылы сайланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1964115-reseidin-buu-adam-quqygy-kenesindegi-museligi-toqtatyldy/