jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңіске жетті

Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor

Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Дауыс беру нәтижесінің қорытындысы бойынша қазіргі президент 58,55 пайыз, оның қарсыласы Марин Ле Пен 41,45 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости.

Сайлаудың соңғы нәтижелерін Францияның ішкі істер министрлігі жариялаған. Халықтың 63,23 пайызы дауыс берген.

Дауыс беру нәтижелерін қортындысы жайлы ресми түрде 27 сәуірде Франция конституциялық сотының төрағасы жариялайды.

Басылымның жазуынша, Марин Ле Пен сайлауда жеңілгенін мойындаған. Дегенмен ол Франция тұрғындарының алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастыруға уәде берген.

Атап айтқанда, Ле Пен өзінің "Ұлттық бірлестік" партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жету үшін бар күшін салатынын мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Францияда президент сайлауы 10 сәуірде басталды.

Президент лауазымына 12 адам үміткер болды. Бірінші турдың қорытындысы бойынша Эммануэль Макрон 27,84%, Марин Ле Пен 23,15% дауыс жинаған еді.

Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңіске жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.