jitsu gif

БАӘ-нің жаңа президенті сайланды

Мұхаммад ибн Заид Аль Нахайян
Мұхаммад ибн Заид Аль Нахайян. : Chesnot / Contributor / Getty Images

Бүгін 14 мамырда Біріккен Араб Әмірлігінің жаңа президенті таңдалды. Елдің жаңа басшысы болып жоғарғы федералды кеңестің шешімімен Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммад ибн Заид Аль Нахайян сайланды. Бұл туралы БАӘ-нің WAM мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, жоғарғы федералды кеңес бүгін Абу-Дабидегі Аль-Мушриф сарайында кеңес өткізген.

Жиын барысында президентікке үміткердің кандидатурсын жоғарғы федералды кеңес мүшелері бірауыздан қолдаған.

Одан бөлек Мұхаммад ибн Заид Аль Нахайян БАӘ мен Абу-Даби әмірлігін де басқаратын болады.

Айта кетейік, Мұхаммад ибн Заид Аль Нахайян күні кеше өмірден өткені белгілі болған елдің осыған дейінгі президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайянның кіші інісі.

Халифа ибн Заид Аль Нахайян 72 жасында дүниеден озды. Оның қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.