Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстандағы наразылық кезінде қаза тапқандар бар екенін айтты

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы тәртіпсіздіктер салдарынан бейбіт тұрғындар мен құқыққорғау органдары қызметкерлері арасында қаза тапқандар және зардап шеккендер бар екенін айтты, деп хабарлайды "Газета.uz".

Басылымның жазуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Өзбекстан басшысының айтуынша, 1 және 2 шілдеде шеруге шыққандар билік органдарының ғимараттарын басып алуға әрекет жасаған және "қаланың негізгі көшелерінің бойында талқандау әрекеттерін" жалғастырған.

"Қаладағы шеру кезінде олар инфрақұрылым нысандарына айтарлықтай шығын келтірген. Ғимараттардың терезесін сындырып, өрт қойған. Бірнеше топ қару иемдену мақсатында Нүкіс қаласының ҚІІБ және Ұлттық гвардия басқармасының ғимараттарын басып алу әрекеттерін жасаған", - дейді ол.

Мирзиеевтің сөзінше, наразылық білдірушілер құқыққорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасап, оларға айтарлықтай дене жарақтын салған.

Айта кетейік, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте бірнеше күн бұрын Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге қарсы болғандар наразылыққа шыққан еді.

1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген. Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген болатын.

Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды.

Одан бөлек Өзбекстан президенті Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимін енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976781-ozbekstan-prezidenti-qaraqalpaqstandagy-narazylyqtan-qaza-tapqandar-bar-ekenin-aitty/

pixel