Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда қаңғыбас иттер жаңа туған нәрестені перзентханадан ұрлап әкетіп, талап тастаған

Опубликовано:

қаңғыбас иттер
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанның Харьяна штатында қаңғыбас иттер перзентханадан жаңа туған баланы ұрлап кетіп, талап тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, Шабнам есімді жүкті әйел перзентханаға 25 маусымда келіп түскен. Сол күні ол ұл баланы дүниеге әкелген. Ана мен нәресте бірінші қабаттағы жалпы палатаға ауыстырылған.

Әйелмен бірге оның күйеуі, енесі және әпкесі болған. Жас анадан басқа отбасы мүшелері еденге жатып ұйықтаған. Шабнам сәбиді емізіп, жанына жатқызған.

Сол түні сағат 2:15 шамасында отбасы мүшелерінің бірі оянып, баланың жоғалып кеткенін білген. Ол басқаларды оятып, бүкіл ауруханадан баланы іздеуге кіріскен. Нәтижесінде көшеге жүгіріп шыққан отбасы мүшелерінің бірі нәрестені қаңғыбас иттердің бірінің аузынан көрген.

Басылым мәліметінше, олар нәрестені иттерден құтқарып, перзентханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтаған.

Зардап шеккен отбасы құқық қорғау органдарына шағымданып, аурухананың адам өміріне қауіпті екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977244-undistanda-qangybas-itter-zana-tugan-naresteni-perzentxanadan-urlap-aketip-talap-tastagan/

pixel