jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Синдзо Абэнің қазіргі жағдайы мен оған қастандық жасаған адамның кім екені белгілі болды

Синдзо Абэ
Синдзо Абэ. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

Жапонияның қазіргі премьер-министрі Фумио Кисида бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің жағдайы әлі де ауыр екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Бүгін Нара префектурасында бұрынғы премьер-министр Абэге шабуыл жасалды. Оның жағдайы өте ауыр", - дейді Кисида баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ РИА-Новости Telegram-арнасында жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап, Синдзо Абэнің қастандық жасалғаннан кейін әлі есін жимағанын хабарлады.

Ал ТАСС агенттігі "Споцу хоти" басылымына сілтеме жасап, экс-премьерге қан құйылып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар РИА-Новости жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап, Синдзо Абэге оқ атқан адамның кім екені анықталғанын мәлім етті.

Басылымның жазуынша, күдікті - Нара қаласының тұрғыны Тэцуя Ямагами. Ол 2005 жылға дейін жапон теңіз флотының өзін-өзі қорғау күштерінде үш жыл қызмет еткен. Тұтқындау кезінде ер адам қарсылық көрсетпеген.

Еске сала кетейік, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге бүгін, 8 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 11:30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:30) Нара қаласындағы көшелердің бірінде сөз сөйлеп тұрған сәтте қастандық жасалады.

Жараланған Синдзо Абэ шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Нара университетінің ауруханасы экс-премьердің өздеріне жеткізілгенін растаған.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдірді.

Синдзо Абэнің қазіргі жағдайы мен оған қастандық жасаған адамның кім екені белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.