jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

БҰҰ: Үндістан 2023 жылы әлемдегі халқы ең көп елге айналуы мүмкін

Үндістан халқы көбеюде
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2023 жылы Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп елге айналуы мүмкін деп мәлімдеді. Елдегі халық санының өсуі өлім деңгейінің төмендеуімен байланысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Quartz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Үндістан халқының саны 1,412 миллиард адамды құрады. Сол арада Қытай халқының саны 1,426 миллиард болатын.

БҰҰ өкілдері алдағы жылдары Үндістан халқының саны жедел қарқынмен өсіп, Қытайды басып озады деген болжам жасап отыр.

"Халық санының артуы ішінара өлім деңгейінің төмендеуімен байланысты. Жер бетіндегі халықтың өмір сүру ұзақтығы 2019 жылы 72,8 жылға жетіп, 1990 жылдан бері есептегенде 9 жылға артқан. Өлім-жітімнің одан әрі төмендеуі нәтижесінде 2050 жылға қарай бүкіл әлемде орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 77,2 жыл болады деп болжануда", — делінген БҰҰ есебінде.

Сонымен қатар БҰҰ болжамынша, 2050 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі тек сегіз елде шоғырланады. Олар: Конго Демократиялық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Біріккен Танзания Республикасы.

БҰҰ: Үндістан 2023 жылы әлемдегі халқы ең көп елге айналуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.