Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сымбатты жігіт анықталды

Опубликовано:

Сяо Чжан
Фото: nubiapage.com

Nubia онлайн-журналы бес ай бойы әлемдегі ең сымбатты ер адамды анықтау үшін сауалнама жүргізген. Басылым бұл атаққа қытайлық актер әрі әнші Сяо Чжанды лайықты деп таныған, деп жазады lenta.ru.

Дауыс беруге 11 миллионнан астам адам қатысқан, сауалнама әлемнің 189 елін қамтыған.

Чжанға 2,2 миллионнан астам респондент дауыс берген.

Одан кейінгі орында Оңтүстік кореялық әнші-композитор және актер Ким Тэ Хён орналасқан. Үздік үштікте қытайлық актер, биші және тележүргізуші Ван Ибо да бар.

Айта кетелік, Сяо Чжан 1991 жылы Қытайдың Чунцин қаласында туған.

Ол жастайынан сурет салуды және скрипкада ойнауды үйренген. Университет оқып жүрген кезінде хорда ән сала бастаған. Үлкен сахнаға шықпай тұрып Сяо Чжан фотограф, графикалық дизайнер болып та жұмыс істеген.

Оның ең алғашқы дебюті 2016 жылы Zhejiang TV телеарнасында болып өткен, Сяо жаңажылдық концертте өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980154-alemdegi-en-symbatty-zigit-anyqtaldy-foto/

pixel