Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында ұзындығы 120 шақырым болатын әлемдегі ең үлкен ғимарат салынады

Опубликовано:

Дубайдағы ең үлкен "Айна сызығы" жобасы
Фото: twitter.com/M7Alhamed

Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бен Салман өз еліндегі шөлдердің бірінде ұзындығы 120 шақырым болатын әлемдегі ең үлкен ғимарат салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман инженерлер мен дизайнерлерге ғимарат Мысыр пирамидалары секілді орасан зор болуын тапсырған.

Нысан бір-біріне қарама-қарсы орнатылған екі зәулім ғимараттан тұрады. Әрбір ғимараттың биіктігі 487 метр және ұзындығы 120 шақырым болмақ. Зәулім ғимараттар арасындағы аумақта жол, саябақтар және басқа да инфрақұрылымдық нысандар салынады.

Жобаға "Айна сызығы" деген атау берілген. Еңсесі көк тіреген зәулім ғимараттар салынған соң онда шамамен бес миллион адам тұратыны атап өтілген. Жоспар бойынша ғимаратта тұрғындар үшін ең қажеттінің бәрі болмақ, яғни футбол алаңы, яхта клубы, ауруханалар мен фермалар салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980245-saud-arabiyasynda-uzyndygy-120-saqyrym-bolatyn-alemdegi-en-ulken-gimarat-salynady/

pixel