jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Пәтерақы қымбат": Литвада студенттер министрліктің алдына шатыр тігіп тастады

Литва студенттер
Фото: Studentų protestas/delfi.lt

Литвада пәтерақының қымбаттағанына шағымданған студенттер Білім және ғылым, спорт министрлігінің алдына шатыр тігіп тастаған. Акцияны ұйымдастырушылар осы арқылы мәселеге биліктің назарын аудармақ, деп хабарлайды delfi.lt

Министрлік алдына қаз-қатар шатыр тіккен студенттердің айтуынша, олар жатақханаға ие бола алмағандықтан осындай іске мәжбүр болған.

"Мәселені біз де, билік те көріп отыр. Қазір үлкен қалаларда пәтерақы өте қымбат. Күн санап баға аспандап жатыр. Қазір Вильнюсте бір бөлмелі пәтердің ақысы 550 еуро. Бұл коммуналдық қызметті қоспағандағы баға. Мұнымен қатар қосымша шығындарымыз бар", - дейді акцияға қатысушылардың бірі.

Наразылық білдірушілер мұндай ақыны қарапайым студенттің қалтасы көтермейтінін атап өтті.

"Әрине, қосымша жеткізуші болып жұмыс атқарса, пәтер жалдауға болады. Алайда біз студенттердің білімін қадағалайтын мекеменің осы мәселені шешкенін қалаймыз", - деді қатысушы.

Алайда министрлік бұл мәселені шеше алмайтынын мәлім еткен.

"Бұл жерде халықаралық мәселе жоқ. Министрлік бұл мәселеге араласа алмайды. Өйткені, оларда жатақхана жоқ", - деді вице-министр Гинтаутас Якштас.

"Пәтерақы қымбат": Литвада студенттер министрліктің алдына шатыр тігіп тастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.