Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

The Times: III Карл 10 қыркүйекте ресми түрде Ұлыбританияның патшасы болып жарияланады

Опубликовано:

Карл III
Фото: Legion-Media

Сенбі, 2022 жылдың 10 қыркүйегінде Әулие Джеймс сарайында III Карл Ұлыбританияның патшасы болып жарияланады, деп хабарлайды The Times. Бұған дейін салтанатты шара 9 қыркүйекте өтетіні айтылған.

"Бұл Карл ресми түрде патша болып жарияланатын күн", - деп жазды британиялық газет.

III Карл ресми түрде Ұлыбритания патшасы болып жарияланатын мұрагерлік кеңес сенбі, 10 қыркүйек күні Әулие Джеймс сарайының галереясында таңғы сағат 10-да (Нұр-Сұлтан 15:00) жиналады.

Кеңес жеке тұлғалардың кеңесшілерінен, Қауымдар палатасының мүшелерінен, патшалықтың жоғарғы комиссарларынан, Лондонның лорд-мэрі мен басқа да жоғары лауазымды қызметкерлерден тұрады.

Газеттің хабарлауынша, Кеңестің лорд-президенті патшайым II Елизавета қайтыс болғанын мәлім етіп, үндеу жариялайды.

Кеңес отырысының екінші бөлігіне патша қатысып, мәлімдеме жасап, Шотландия шіркеуін қорғауға дәстүрлі ант береді.

Айта кетейік, кеше 8 қыркүйек күні 96 жасында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета қайтыс болды.

Сонымен қатар Ұлыбританияның жаңа патшасы Карл III жайлы оқи отырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987035-the-times-karl-iii-10-qyrkuiekte-resmi-turde-ulybritaniyanyn-patsasy-bolyp-zariyalanady/

pixel