jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Эдинбургте ханзада Эндрюге тіл тигізген ер адам қамауға алынды

II Елизавета мен ханзада Эндрю
Фото: Ben Stansall / Getty Images

Шотландия полициясы II Елизаветаның қаралы шеруінде Эндрю ханзадаға тіл тигізген ер адамды ұстады, деп хабарлайды rbc.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Патша отбасының барлық балалары, соның ішінде III Карл патша, марқұм патшайымның денесі салынған көліктің шеруіне ілесіп жүрген.

Осы кезде шеруді тамашалағандардың бірі "Эндрю, сен ауру шалсың" деп айқай салады.

Полиция топ ішінен 22 жастағы ер адамды ұстап алған.

"22 жастағы ер адам Эдинбург орталығындағы патша шеруінде тәртіп бұзғаны үшін ұсталды", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, ханзада Эндрюді 2021 жылдың тамызында америкалық Вирджиния Робертс сотқа бедра. Ол өзіне зорлық жасалғанын мәлім еткен болатын.

Кейін патша отбасының мүшесі ретіндегі қызметтік міндеттерін орындаудан бас тартуға шешім қабылдады. Сонымен қатар II Елизавета "зорлық жасады" деп айыпталған Эндрюді титулынан, әскери шенінен және корольдік қамқорлығынан айырды.

Ал кешірек ханзада өзін айыптаған бойжеткенге өтемақы төледі.

Эдинбургте ханзада Эндрюге тіл тигізген ер адам қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.