jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Букингем сарайы II Елизавета патшайым жерленген жердің суретін жариялады

II Елизавета патшайым
II Елизавета патшайым. Фото: Mark Metcalfe/Getty Images

Букингем сарайы Ұлыбритания королі VI Джордж капелласындағы Виндзорда орналасқан II Елизавета патшайым жерленген жаңа құлпытастың суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Букингем сарайы Twitter желісіне салған суреттен капелланың еденіне орнатылған құлпытастың гүл шоқтарымен қоршалғанын көруге болады.

Мемориалдық тақтайшада II Елизаветаның ата-анасы мен жұбайының есімдері және өмір сүрген жылдары жазылған. Құлпытастан "VI Джордж 1895-1952", "Элизабет 1900-2002", "II Елизавета 1926-2022" және "Филипп 1921-2021" деген жазбаны оқуға болады. Сондай-ақ тақтайшада Ұлыбританиядағы рыцарлықтың ең жоғары ордені болып табылатын Гартер орденінің жұлдызы бейнелеген. Айта кетейік, II Елизавета тақта 70 жылдан астам уақыт отырды.

Ол 8 қыркүйек күні Шотландияда 97 жасқа жетіп қайтыс болды.

Патша тағына II Елизавета патшайымның ұлы Чарльз ханзада отырды. Ол есімін III Карл деп өзгертті. Ал жаңа патшаның әйелі Камила "патшайым консорты" мәртебесін алды.

Букингем сарайы II Елизавета патшайым жерленген жердің суретін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.