jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Риши Сунак Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болып сайланды

Риши Сунак
Риши Сунак. Фото: Yui Mok / PA Images / Getty Images

Өткен аптада Ұлыбритания премьер-министрі лауазымын атқарған Лиз Трасс отставкаға кеткен соң, елдің бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак жаңа премьер-министр болып сайланды. Оның жаңа лауазымы жақын арада ресми түрде жарияланады.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты Консервативтік партияның басқарушы комитетінің төрағасы Грэм Брэди мәлімдеген.

Басылым мәліметінше, қауымдар палатасының жетекшісі Пенни Мордаунт өз кандидатурасын алып тастайтынын жариялағаннан кейін бұл лауазымға жалғыз үміткер Сунак болған.

Консервативті партия комитетінің шешіміне сәйкес, егер консерваторлардан тек бір кандидат кемінде 100 парламент мүшесінің қолдауына ие болса, ол автоматты түрде партияның көшбасшысы және Ұлыбританияның премьер-министрі болады.

Еске сала кетейік, 20 қазанда Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кетті. Шешім британдық экономикадағы дағдарыс және оның кабинетінің бірнеше негізгі министрлерінің кетуі себепті қабылданған.

Риши Сунак Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болып сайланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.