Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам мерт болды: Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Жарияланған күні:

Сеулде қайғылы оқиға болған жерде тұрған жедел жәрдем көліктері
Сеулде қайғылы оқиға болған жерде тұрған жедел жәрдем көліктері. Фото: Jung Yeon-Je/AFP via Getty Images

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 151 адамның қайтыс болуына байланысты елде Ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ренхап" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Корея басшысының сөзінше, мұндай қайғылы жағдай ешқашан болмауы керек еді.

Юн Сок Ель қаза болған жандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сондай-ақ ол болашақта мұндай жайттың қайталануына жол берілмес үшін оқиғаның себеп-салдарын анықтауға уәде берді.

"Бүгіннен бастап оқиға салдары жойылғанға дейін елде қаралы күн деп жариялаймын", - дейді Юн Сок Ель.

Еске сала кетейік, Сеулде өткен түні Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 151 адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шекті. Қаза болғандар арасында шетел азаматтары да бар.

Yonhap News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Сеулдегі түнгі уақытқа дейін жұмыс істейін көптеген мейрамхана, кафе және түнгі клуб орналасқан Итэвон ауданындағы көшелердің бірінде болған.

Басылымның мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отырған Хэллоуин мерекесіне ондаған мың адам келген. Кенет бір мезетте тар көшедегі адам санының көптігінен, халық кептеліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994911-xellouin-merekesin-toilau-kezinde-151-adam-mert-boldy-ontustik-koreyada-ulttyq-aza-tutu-kuni-zariyalandy/