jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Оңтүстік Корея президенті Сеулдегі қайғылы жағдай үшін халқынан кешірім сұрады

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель кемінде 156 адам қаза болған Сеул орталығындағы оқиға үшін халқынан кешірім сұрап, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ TACC агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттің премьер-министрмен және министрлермен кездесуінде айтқан сөзін Yonhap агенттігі таратқан. Билік жаппай жиын кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылаған.

"Өзімді балаларынан айырылған ата-аналармен салыстыруға батылым жетпейді, бірақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек президент ретінде қайғырудамын. Қайғыдан қан жұтып отырған марқұмдардың отбасымен және осы қайғыны бөліскен елден кешірім сұраймын", - дейді Юн Сок Ель.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл ел президентінің қайғылы оқиға үшін халықтан ресми түрде бірінші рет кешірім сұрауы.

"Бізге осындай қауіп-қатерлерге полицияның дайын болуына және мұндай оқиғалардың алдын алуда түбегейлі өзгерістер қажет. Мен болған оқиғаның шынайы бейнесі толық ашылуына және күмән тудырмас үшін бұл процесс жұртшылық үшін ашық болатынына уәде беремін", - деді Оңтүстік Корея басшысы.

Сондай-ақ, басылымның жазуынша, Юн Сок Ель қайғылы оқиғаның себептерін тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізген.

Айта кетейік, өткен аптада Сеул аудандарының бірінде коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылған Хэллоуин мерекесінде қайғылы жағдай орын алған болатын. Мерекені тойлау кезінде кемінде 156 адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шекті.

Қайғылы жағдайға байланысты Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Оңтүстік Корея президенті Сеулдегі қайғылы жағдай үшін халқынан кешірім сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.