Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Польша аумағына екі зымыран құлады: қайтыс болғандар туралы мәлімет бар

Опубликовано:

Польша
Польшаның Люблин аумағындағы полиция көлігі. Фото: Darek Puchala/Anadolu Agency via Getty Images

15 қараша, сәрсенбіге қараған түні Польшаның шығысындағы Люблин аумағына екі зымыран құлады. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды CNN Польша үкіметінің ресми өкілі Пиотр Мюллерге сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий министрлер кеңесінің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетін шұғыл түрде шақырған. БАҚ елдегі кейбір әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін күшейту туралы шешім қабылданғанын мәлім еткен. Сондай-ақ зымырандардың Украина шекарасынан бірнеше шақырым жердегі Пшеводув ауылына құлағаны белгілі болды.

Украина президенті Владимир Зеленский Польша аумағына құлаған Ресей зымырандары деп мәлімдеді. Оның сөзін УНИАН агенттігі жариялады.

"Террор тек біздің мемлекеттік шекарамызбен шектелмейді. Ресей зымырандары Польшаға соққы берді. Террористік мемлекет біздің елмен шектелмейді деп Украина қанша рет айтты? Ресейлік террордың одан әрі кеңеюі уақыт еншісінде. Ресей неғұрлым жазасыз қалатынын ұзақ сезінсе, соғұрлым бәріне ресейлік зымырандардан қауіп төнеді", - дейді Зеленский өз сөзінде.

Ол бұл оқиғаны жағдайдың шиеленісуі деп атап, НАТО елдерін әрекет етуге шақырған.

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Украина-Польша мемлекеттік шекарасы маңындағы нысандарға ешқандай соққы жасалмағанын хабарлады. Ведомствоның ресми түсініктемесі министрліктің Telegram-арнасында пайда болды.

"Пржеводув елдімекені ауданында Ресей зымырандарының құлағаны туралы поляк БАҚ-тары мен ресми тұлғаларының мәлімдемелері - жағдайды ушықтыру мақсатында жасалған қасақана арандатушылық. Оқиға орнындағы польшалық БАҚ таратқан зымыран қалдықтары Ресейге еш қатысы жоқ", - дейді Ресей Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Оқиғаға пікір білдірген Польша президенті Анджей Дуда әзірге Польшаның аумағына кімнің зымырандары түскені туралы нақты ақпарат жоқ екенін айтты. Оның сөздерін РИА Новости жария етті.

"Ресейдің Украинаға қарсы зымырандық шабуылы күні бойы жалғасқанын анық білеміз, бірақ қазіргі уақытта бұл зымыранды кім атқаны туралы біржақты дәлел жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Дуда.

РБК хабарлауынша, Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Ресей елшісі Сергей Андреевті Сыртқы істер министрлігіне шақырған.

Польша Сыртқы істер министрлігі 15 қарашада Ресей маңызды инфрақұрылымды жою үшін Украина аумағына жаппай зымырандық шабуыл жасағанын, содан кейін "Ресейде жасалған зымыран Польшадан 8 шақырым жердегі ауылдың аумағына құлағанын атап өтті. Украина шекарасында Польшаның екі азаматы қаза тапқан".

"Осыған байланысты Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Ресей елшісін Сыртқы істер министрлігіне дереу егжей-тегжейлі түсініктеме беруді талап етіп шақырды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997344-polsa-aumagyna-eki-zymyran-qulady-qaitys-bolgandar-turaly-malimet-bar/

pixel