Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ауғанстанда аштықтан қажыған халық дене мүшесі мен балаларын сатып жатыр

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Ауғанстан тұрғындары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аштықтан әбден қажыған Ауғанстан тұрғындары өз балаларына тыныштандыратын дәрі беріп, тамақ табу үшін дене мүшелерін сатуға мәжбүр, деп хабарлайды ВВС.

Жергілікті тұрғындардың басылым тілшісіне айтуынша, қарны аш балалары тоқтаусыз жылап, ұйықтай алмайды екен.

"Біздің тамағымыз жоқ. Ал аш балалар мүны түсінбей, тоқтаусыз жылайды. Түнде көз ілмейді. Амал жоқ, дәріханадан тыныштандыратын дәрі алып береміз", - дейді Абдул Вахаб.

Ал Гулям Хазрат есімді тұрғын қалтасынан уыстап дәрі шығарып көрсеткен. Ол жүйке жүйесі бұзылғандарға беретін транквилизаторды балаларына беріп, тыныштандырады. Дәрігерлер мұндай қатты әсер беретін дәрілер бала денсаулығына зиян екенін айтады.

Гулямның алты баласы бар, ең кішісі бір жасқа енді толған. "Мен ең кіші балама да осы таблеткаларды беремін", - дейді ол.

Басылым дерегінше, аштықтан қажып, амалы қалмаған ауғандықтар арасында депрессияны емдеуге арналған дәрілерде сұраныста.

Дәрігерлер аш балаға мұндай дәрі беру арқылы оның бауырына үлкен зақым келтіріп, түрлі сырқаттарға жол ашатынын айтады.

Сондай-ақ Ауғанстандағы отбасылардың дені тек қана нанмен өмір сүруде. Тұрғындардың айтуынша, олар таңғы асқа құрғақ нанның өзін жесе, кешкі асқа нанды суға езіп жейді.

БҰҰ мәліметінше, Ауғанстанда гуманитарлық апат басталып жатыр. Әсіресе билікке тәліптердің келуі жағдайды одан әрі ушықтырып жіберген. Экономиканың құлдырауы салдарынан ер адамдардың барлығы дерлік жұмыссыз қалды.

Отбасын асыраудың амалын таппаған олар дене мүшелерін, бүйрегін сатып күн көруде. Аммар есімді жиырмадан енді асқан жігіт қарыздарын қайтару үшін үш ай бұрын бүйрегін сатып жіберді.

"Егер бүгін кешкі ас ішсек, ертең ішпейміз. Бүйрегімді сатқан соң менің жарты денем ғана қалған сияқты. Осылай жалғаса берсе, өлетін сияқтымын", - дейді ол.

Сонымен қатар, басылымның хабарлауынша, Ауғанстанда бала саудасы да қызып тұр.

"Бізді екі жасар қызымызды сатуға мәжбүрлеуде. Біз қарыз алған адамдар қызымызды қоймай сұрап жатыр. Бұлай өмір сүргенше, өлген артық", - дейді тұрғындардың бірі.

Ал Низамудин есімді тұрғын бес жасар қызын 100 афганиге сатқанын айтып, көзіне жас алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998905-baq-auganstanda-astyqtan-qazygan-xalyq-dene-musesi-men-balalaryn-satyp-zatyr/

pixel