Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда жаппай наразылық өтуде (видео)

Опубликовано:

Наразылық білдірушілер Ұланбатырдағы үкімет сарайының алдында
Наразылық білдірушілер Ұланбатырдағы үкімет сарайының алдында. Виедодан кадр: t.me/worldprotest

Моңғолия астанасы Ұланбатырда үкімет сарайының алдында жаппай наразылық өтуде. Наразылық білдірушілер биліктен миллиард долларға тең экспортталған көмірді ұрлауға қатысы барларды жазалауды талап етуде.

Baza Telegram-каналының мәліметінше, наразылық білдірушілер ел астанасындағы үкімет сарайына басып кірмек болған. Күштік құрылым өкілдері шеруге қатысушылардың алғашқы шебіне тойтарыс бергенімен, олар әлі де ғимаратқа басып кіруге талпынуда.

CentralAsia басылымының хабарлауынша, наразылық кеше басталған. Оған экспортқа жөнелтілген көмірдің ұрлануы себеп болған.

"Жақында БАҚ-та Моңғолиядан жөнелтілген көмір көлемі қытайлық тарапқа жеткен көмір мөлшерімен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық бар деген дерек шыққан. Сонымен бірге онда қытайлардың осы көмірдің ұрлануына қатысы бар бірқатар лауазымды тұлғаның жазаға тартылғандығы және осы іске қатысы бар моңғол саясаткерлерінің аты-жөні ел премьер-министрі Оюун-Эрдэн Лувсаннамсрайға жіберілгендігі айтылған еді", – делінген басылым таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ басылымның дерегінше, наразылық білдірушілер үкімет пен мемлекет басшысынан 44 трлн тугрикке (12,9 млрд АҚШ доллары) тең көмірді ұрлауға қатысы барлардың аты-жөнін жариялауды талап етіп отыр.

"Протесты в мире" Telegram-каналының мәліметінше, Ұланбатырда наразылық өтіп жатқан жерде шырша жанып кеткен.

Сондай-ақ онда наразылық білдірушілер үкімет сарайына әлі де баса көктеп кіруге әрекет еткендігі жайлы айтылған.

"Коммерсантъ" басылымының моңғолиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, үкімет үйіне кіруге талпынған кезде наразылық білдірушілер металдан жасалған қақпаны сындырған.

Сонымен қатар қақтығыс барысында алты адам зардап шеккен. Олардың төртеуі үкімет үйінің қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтің қызметкерлері. Басылы үкімет басшысының резиденциясына апаратын жолдың жабылғанына да атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2000240-mongoliyada-zappai-narazylyq-otude-video/

pixel