jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Сақ дәуіріне жатады": Самарқаннан 2000 жыл бұрын жасалған қазан табылды (фото)

Самарқаннан табылған қазан
Самарқаннан табылған қазан. Фото: madaniymeros.uz

Самарқан мемлекеттік мұражай-қорығының қызметкерлері екі мың жылдық тарихы бар қола қазан тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан мәдени мұра агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, жәдігер мұражай қорын байыту мақсатында Самарқан облысына жасалған экспедиция кезінде табылған.

Ғалымдардың айтуынша, биіктігі 37 см, диаметрі 52 см болатын қола ыдыс сақ тайпаларына тиесілі және біздің дәуірімізге дейінгі II-I ғасырларға жатады.

Тұрмыстық затты 1993 жылы Самарқан қаласының Пайарық ауданының тұрғыны Анвар Шогдоров арық қазып жатқан жерінен тауып алған. Затты тауып алған тұрғын оның бірегей жәдігер екенін білмеген және оны қоспа жемді дайындау үшін пайдаланған.

Самарқаннан табылған қазан
Самарқаннан табылған қазан. Фото: madaniymeros.uz

Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, сақ дәуіріне жататын қола қазандар Қошрабат өңіріндегі Қарақшы тауының баурайында және Пайарық өңіріндегі Көктепа археологиялық ескерткіші аумағынан да табылған.

Ежелгі уақытта адамдар қазанды сұйық өнімдер үшін де, масайтатын сусындар дайындау үшін де қолданылған. Сондай-ақ қазанды ет пісіруге, діни рәсімдерге және құрбандық шалуға пайдаланған деген пікірлер де бар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.