Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Time журналы Владимир Зеленскийді "Жыл адамы" деп жариялады (фото)

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: president.gov.ua

Time журналы Украина президенті Владимир Зеленскийді "Жыл адамы" деп жариялады. Журнал мұқабасында "Жыл адамы. Владимир Зеленский және Украина рухы" деп жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жуырда британдық Financial Times газеті Зеленскийді жыл адамы деп таныса да, әлем жұртшылығы әсіресе америкалық Time журналын жиі талқылайды.

"Владимир Зеленский мен Украина рухы Time-да "Жыл адамы" деп танылды, себебі олар қорқынышпен бірге ерліктің де қатар жүретінін дәлелдеді. Олар түрлі мемлекеттер мен ұлттардың басын біріктіре отырып, еркіндікті қорғауға шақырды. Сонымен бірге олар әлемнің сондай нәзік екенін және ондағы демократия туралы да еске салды", - деп түсіндірген журнал өз шешімін.

"Биылғы жылы біз үшін таңдау жасау өте жеңіл болды. Біреулерге Украина үшін шайқас үміт сыйласа, енді біреулерді – үрейлендірді, алайда қандай жағдай болмасын Владимир Зеленский әлемді дүр сілкіндірді", - деп жазған журнал қызметкерлері.

Айта кетейік, Time журналы "Жыл адамын" 1927 жылдан бастап, шамамен жүз жыл бойы таңдап келеді. 1999 жылға дейін "Жыл адамы" ретінде "Жылдың ер адамы" және "Жылдың әйел адамы" таңдалған.

Алайда аталған терминдер гендерлік теңдік тұрғысынан дұрыс емес деп қабылданып, "Жыл адамы" ретінде ағымдағы жылы оқиғалар барысына жақсы немесе жаман жағынан әсер еткен тұлғаны, адамдар тобын, қандай да бір идеяны немесе нысанды қарастыру туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2000608-time-zurnaly-vladimir-zelenskiidi-zyl-adamy-dep-zariyalady/

pixel