Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Ресей билігіне Рождество мерекесіне қатысты ұсыныспен жүгінді

Жарияланған күні:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Рresident.gov.ua

Президент Владимир Зеленский G7 елдерінің көшбасшыларымен кездесуі кезінде Ресей тарапына Рождество мерекесіне дейін Украинадан әскерлерін шығаруды бастауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Украина басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Зеленский Индонезиядағы G20 саммитінде 10 тармақтан тұратын украиналық бейбітшілік формуласын ұсынғанын еске салды. Соған орай Украина басшысы "Үлкен жетілік" елдерінің басшыларын формуланы іске асыруды қашан бастау керек екенін шешу үшін арнайы саммит – Global Peace Formula Summit Жаһандық бейбітшілік формуласы саммитіне жиналуға шақырды.

Сондай-ақ G7 көшбасшыларына сөйлеген сөзінде президент Зеленский Ресейге Рождествоға дейін әскерін шығаруды бастауды ұсынды.

"Біз Ресейге Мәскеуде жиі айтылатын дипломатиялық реттеуге нақты, мағыналы қадам жасауды ұсынамыз.

Алда миллиардтаған адамдар тойлайтын мерекелер бар: Григориан күнтізбесі бойынша Рождество, Жаңа жыл, Юлиан күнтізбесі бойынша Рождество. Бұл қалыпты адамдар агрессия туралы емес, бейбітшілік туралы ойлайтын уақыт. Мен Ресейге ең болмағанда агрессиядан бас тартуға қабілетті екенін дәлелдеуге тырысуды ұсынамын.

Осы Рождестводан Украинаның халықаралық деңгейде мойындалған аумағынан орыс әскерлерін шығаруды бастаған дұрыс болар еді. Егер Ресей Украинадан әскерлерін шығаруды жүзеге асырса, бұл соғыс қимылдарын тұрақты түрде тоқтатуды қамтамасыз етеді.

Сіздер біздің шақыруымызды қолдайсыздар деп үміттенемін. Себебі, бұл жаһандық мүдде. Және бұл біздің бейбітшілік формуласының бір бөлшегі. Басқыншы кетуі керек. Бұл міндетті түрде болады. Ал мен Ресейдің мұны қазір Рождество мерекесінде жасамауының себебін көрмей тұрмын", — деді Зеленский.

G7 құрамына кіретін елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Канада, Франция, Жапония, Германия және ЕО.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2001356-zelenskii-resei-biligine-rozdestvo-merekesine-qatysty-usynyspen-zugindi/