jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Al Drago / Bloomberg / Getty Images

Forbes және Bloomberg-тің есептеуінше, енді әлемнің ең бай адамы титулы LVMH люкс сапасындағы тауарлар шығаратын компания иесі Бернар Арноға тиесілі. Былтыр Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастаған еді, деп хабарлайды BBC.

Басылымның жазуынша, Илон Масктың қазір дәулеті 178 млрд АҚШ доллары көлемінде.

БАҚ ұсынған мәліметтерге сәйкес, оған Tesla электромобильдерін өндірушілердің шамамен 14 пайызы тиесілі, сондай-ақ Маск биылғы жылдың қазан айында 44 млрд АҚШ долларына "Твиттер" әлеуметтік желісін сатып алған.

Ал биыл әлемнің ең бай адамы атанып отырған Бернар Арноның байлығы қазір 188 млрд АҚШ доллары деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, 2021 жылы Forbes нұсқасы бойынша Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанған болатын. Ол кезде кәсіпкердің байлығы 219 млрд АҚШ доллары деп бағаланды.

2021 жылы бұл тізімде Бернар Арно үшінші орында тұрған еді. Француз кәсіпкері миллиардер тізіміне 2020 жылы енген. Сол жылы оның байлығы 76 млрд АҚШ долларынан 158 млрд АҚШ доллларына дейін өскен.

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.