Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ Түркия атауының ресми жазылуын өзгертті

Опубликовано:

Түркия туы
Түркия туы. Фото: Рixabay.com

Америка Құрама Штаттары енді Түркия мемлекетінің атауын жазған кезде Turkey емес Turkiye деп жазатын болады. Ел атауын жазудағы өзгерістер туралы АҚШ-тың мемлекеттік департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Түркия үкіметі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды елдің атауын Солтүстік Америкадағы аттас құстан (Turkey сөзі ағылшын тілінен аударғанда күркетауық дегенді білдіреді - ред.) ажырата білу үшін мемлекеттің өзгерген атауын яғни Turkiye атауын қолдануға шақырған.

Басылымның хабарлауынша, Turkey атауының Turkiye болып өзгергені алғаш рет АҚШ мемлекеттік департаментінің АҚШ пен Түркияның тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымының күдікке ілінген қаржыгерлеріне қарсы бірлескен іс-қимылы туралы мәлімдемесінде байқалған.

Кейінірек ресми тұлғалар Turkey атауының Turkiye болып өзгергенін растаған, бірақ айтылуы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген.

"Түркия елшілігі біздің жазбаларымызда осы атауды (Turkiye - ред.) қолдануды сұрады. Департамент сіздер бүгін көрген атауды біздің ресми дипломатиялық және екіжақты мәтіндерде, соның ішінде қоғамдық хабарламаларда қолданатын болады", – дейді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс.

Сондай-ақ басылым қаңтар айында Түркия Сыртқы істер министрі Украинадағы ахуалды, сонымен қатар Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруін талқылау үшін АҚШ-қа баратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2004409-aqs-turkiya-atauynyn-resmi-zazyluyn-ozgertti/

pixel