jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Түркияда қонақ үй төбесі опырылып, 32 адам зардап шекті

Түркияда қонақ үй төбесі опырылды
Түркияда қонақ үй төбесі опырылды. Видеодан скриншот: instagram.com/kris__p__officia

Түркияның Сарыкамыш қаласында қонақ үй төбесі опырылып, 32 адам зардап шекті, деп хабарлады CNN Turk телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арна мәліметінше, Карстағы Сарықамыш оқиғасының 108 жылдығына орай қонақ үйде деректі фильм көрсетілімі болған. Қонақ үй төбесінің опырылуынан 32 қатысушы жарақат алды. Оның 23-і ауруханадан шығарылса, 9 адам жарақатына байланысты ем алуды жалғастыруда.

Оқиға 18:45 шамасында Джебилтепе тау шаңғысы орталығының Сарықамыш аймағында болған. Қонақ үйдегі үлкен көрме кезінде мәжіліс залының аспалы төбесі опырылып түсті. Оқиға салдарынан 10 адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілсе, 22 адам өз бетімен ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдаған.

Карса губернаторы Тюркер Оксюздің айтуынша, қазір 9 адам ем алуды жалғастыруда.

"32 адамның 23-і ауруханадан шығарылды. Ал қалған 9 адамның денсаулығы қадағалауда", - деді Карса губернаторы Тюркер Оксюз.

Журналист Эрджюмент Дашделеннің айтуынша, ол қонақ үй төбесі опырылғанда оқиға орнында болған.

"Оқиға кезінде мен сол жерде болдым. Төбе жайлап қонақтарға құлай бастады. Осы уақытта мен жерге құлап түстім. Ал менің үстіме басқа адамдар құлай бастады. Аяғым көгеріп қалды. Ауруханада ем алдым. Бұл келеңсіз оқиға болды", - деді журналист.

Түркияда қонақ үй төбесі опырылып, 32 адам зардап шекті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.