jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Иран билігі тыңшылық жасаған саясаткерді дарға асты

Иран туы
Иран туы. Фото: pixabay.com

Ұлыбритания мен Иран азаматтығын алған Әли-Реза Акбари өлім жазасына кесіліп, дарға асылды. Бұл туралы BBC агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Акбаридің дарға асылғаны туралы Ирандағы мемлекеттік БАҚ хабарлады. Ал саясаткер өз кінәсін мойындамаған.

Әли-Реза Акбари 1997-2005 жылдар аралығында ел басқарған Мохаммед Хатамидің тұсында қорғаныс министрінің орынбасары міндетін атқарды. Акбаридің өлімі туралы Mizan агенттігі мәлімдеді. Әзірге Әли-Резаның нақты қай күні дарға асылғаны белгісіз.

Біраз уақыт бұрын сот Акбаридің аппеляциясын кері қайтарып, әйелі мен басқа да отбасы мүшелерін соңғы рет кездесу үшін түрмеге шақыртқан.

Иран билігі Әли-Реза Акбариді Иранның ішкі қауіпсіздігіне қарсы жұмыс істеп, тыңшылық жасағаны үшін айыптаған.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Иранды өлім жазасын орындамауға шақырған. Ол аталған өлім жазасының саясиландырылғанын айтып, Акбариді босатуға шақырған болатын.

Иран билігі тыңшылық жасаған саясаткерді дарға асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.