Арменияда әскери бөлімде болған өрттен 15 адам көз жұмды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арменияның әскери бөлімдерінің бірінде қаңтардың 19-ына қараған түні өрт болды. Қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер қаза болып, үш адам ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды елдің қорғаныс министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасы.

Sputnik Армения басылымының хабарлауынша, өрт Гегаркуниктегі Азат ауылының аумағында, инженерлік-саперлік ротаның казармасында болған.

Басылымның дерегінше, өрт-құтқару жұмыстарына қарамастан тілсіз жаудан бірнеше адам қаза тапқан.

Арменияның қорғаның министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер мерт болып, үш адам ауыр халде жатыр.

Сонымен бірге басылым казармадағы өртті сөндіру үшін бес сағат уақыт кеткенін айтады.

Бұған қоса Армения президенті Ваагн Хачатурян екінші әскери корпус қолбасшысы Ваграм Григорянды отставкаға жібергендігі белгілі болды.

Кейін Армения СК басшысы Аргишти Кярамян әскери бөлімшеде өрттің шығуына жанғыш заттармен, оның ішінде бензинмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмағандығын атап өтті. Оның сөзінше қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, алдын ала болжам бойынша әскерилер бензинді пеште от жағу үшін қолданған. Ал ел премьер-министрі Никол Пашинян бұйрық бойынша, пеште от тұтату үшін, бензинді пайдалануға болмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006011-armeniyada-askeri-bolimde-bolgan-ortten-15-adam-koz-zumdy/