Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Түркияда президент сайлауы өтетін күнді жариялады

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Okan Ozer/Anadolu Agency/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі президент сайлауы 14 мамырда өтетінін мәлімдеді. Бұл күні Түркия парламентінің сайлауы да өтуі тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Басылымның түрік баспасөзіне сілтеме жасап жазуынша, Ердоған жалпыға ортақ сайлау күнін кейінге қалдыру туралы Бурсада жастармен кездесуде мәлімдеген.

"Сіздер 14 мамырда өтетін сайлауда алғаш рет дауыс бересіздер", - деді ол түрік жастарының өкілдеріне.

Ердоған Түркияда мамыр айында өтетін жалпыға ортақ сайлаудың мерзімінен бұрын емес екенін, тек маусымдық жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп отырғанын айтты.

"Кейбіреулер мақсатты бұрмалап көрсетуге тырысуда. Бұл мерзімінен бұрын өтетін сайлау емес, сайлау күнін кейінге қалдыру", – деп басылым түрік көшбасшысының сөзін келтірді.

Ердоған жалпыға ортақ сайлау күні туралы президенттік жарлыққа 10 наурызда қол қоюды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау 2023 жылдың 18 маусымына жоспарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006314-erdogan-turkiyada-prezident-sailauy-otetin-kundi-zariyalady/

pixel