Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды

Опубликовано:

Жениш Разаков. Фото
Жениш Разаков. Фото: gov.kg

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Жениш Разаков ұсталды. Ол алаяқтық жасады және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қырғызстан Ішкі істер министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде ІІМ тергеу қызметіне Б.А. есімді азамат шағымданып, Разаковқа қатысты шара қабылдауды сұраған.

"2017 жылдың күзінде бұрынғы вице-премьер Жениш Разаков сенімге кіріп, өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырамын деген желеумен 1 000 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны иемденген", - делінген Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Осылайша жиналған материалдар негізінде, былтыр қазан айының басында Разаковқа қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 209-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал биыл қаңтарда бұрынғы вице-премьер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Қазіргі таңда сот бұрынғы шенеунікті 24 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы санкция берген. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Жениш Разаков Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары болып алғаш рет 2016 жылы тағайындалған. 2018 жылы бұл қызметке қайта тағайындалып, 2020 жылы қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006980-qyrgyzstannyn-buryngy-vice-premeri-ustaldy/

pixel