jitsu gif branding logo appbranding logo app

Пәкістанда мешіттегі жарылыстан қаза болғандар саны 72-ге жетті

Оқиға орнында тұрған полиция қызметкерлері мен әскерилер
Жарылыс болған мешітті күзетіп тұрған полицейлер мен әскерилер. Оқиға орнынан фото: Abdul Majeed/AFP via Getty Images

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 72-ге жетті, деп хабарлайды Geo телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости.

Басылымның хабарлауынша, бұған дейін жарылыстан қаза болғандар саны 59 болса, зардап шеккендер саны 157 етін.

Бұдан бөлек 31 қаңтар, сейсенбі провинцияда жарылысқа байланысты аза тұту күні болып жарияланған.

Басылым қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Пешавар қаласындағы мешіттегі жарылыс 30 қаңтарда шамамен 13.40-та, намаз уақытында болған еді. Куәгерлердің айтуынша, мешітте ол кезде 100-ден аса адам болған, олардың дені полиция, әскер және сапер бөлімшелерінің өкілдері.

Жарылысты жанкешті-лаңкес жасады деген болжам бар. Жарылыс салдарынан мешіттің бір бөлігі мен төбесі опырылып қалған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.