Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аватар: Су жолы" тарихта ең көп табыс әкелген үшінші фильм атанды

Опубликовано:

Пленка
Пленка. Көрнекі фото: pixabay.com

Әйгілі кинорежиссер Джеймс Кэмеронның "Аватар: су жолы" фильмі халықаралық прокатта тарихта ең көп табыс әкелген үшінші фильм атанды. Фильмнің сыртқы нарықтағы кассалық жинағы 1,538 миллиард долларды құраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, дегенмен бірінші "Аватар" фильмі шетелде 2,1 миллиард доллар жинаған тарихтағы ең табысты фильм болып қала бермек.

Ал "Мстители: Финал" фильмі 1,9 миллиард доллармен екінші орында.

Сондай-ақ басылым "Аватар: су жолы" фильмі халықаралық прокатта кассалық жинақ жағынан Джеймс Кэмеронның тағы бір әйгілі туындысы - "Титаник" фильмінен асып түскенін атап өтті.

Сонымен қатар басылым халықаралық прокатта Қытай (240,6 миллион доллар), Франция (141,5 миллион доллар), Германия (130,7 миллион доллар) және Оңтүстік Корея (105,5 миллион доллар) көш бастап тұрғанын айта кетті.

Айта кетейік, бірінші "Аватар" фильмі еліміздің кинотеатрларында алғаш рет қазақ тілінде көрсетілген болатын. Көрермендер кейін "Аватар: Су жолы" фильмін де қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алды.

"Аватарды" қазақ тілінде сөйлеткен дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаевтың сөзінше, бұл процесс оңайға соқпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008114-avatar-su-zoly-filmi-tarixta-en-kop-tabys-akelgen-usinsi-film-atandy/

pixel