Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кемінде 76, Сирияда 99 адам қаза тапты

Опубликовано:

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі
Түркияның Килис қаласындағы жер сілкінісі. Оқиға орны: Cebrail Caymaz/Anadolu Agency/Getty Images

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандардың саны туралы мәліметтерді жаңартты. Қаза тапқандар саны 76 адамға жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Жергілікті уақыт сағат 06:30-дағы жағдай бойынша эпицентрі Кахраманмараштың Пазарчик ауданы болған күші 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан жеті провинцияда 76 адам қаза тауып, 440 адам жарақат алды", – деп хабарлайды агенттік ведомствоға сілтеме жасап.

Сонымен бірге Сирияның Денсаулық сақтау министрлігі де төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар туралы хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Сирияның үш провинциясында кемінде 99 адам қаза тауып, 330-ден астамы жараланған.

Еске салайық, бүгін түнде Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,5 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Газиантептен 27 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі салдарынан Түркияның ғана емес, Сирияның да бірқатар қаласында ғимараттар қираған. Жер сілкінісі Ливан астанасы Бейрутта да сезілген.

Төтенше жағдайдан кейін елде дабылдың ең жоғары деңгейі бірден бірнеше аймақта жарияланды, бұл халықаралық көмекке сұрау салуды білдіреді. Түркия президент Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, құтқарушылар қазірдің өзінде апат салдарын жоюға кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008153-turkiyadagy-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-76-ga-siriyada-99-adamga-zetti/

pixel