Түркияда тікелей эфир кезінде тағы бір ғимарат опырылып түсті (видео)
Жарияланған күні:
Түркияда жер сілкінісі кезінде көпқабатты үйдің қираған сәті жергілікті телеарналардың бірінің тікелей эфиріне түсіп қалды. Бұл сәтте арна тілшісі іздестіру-құтқару жұмыстары туралы репортаж жасап жатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Апат Түркияның Малатья қаласында болды. Жергілікті TRT Haber телеарнасының тілшісі тікелей эфирде қаладағы іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы туралы айтып тұрған.
Осы сәтте бағдарлама жүргізушісі тілшіге оның артында ғимарат қирап жатқанын хабарлады. Ғимараттың қираған сәті камераға түсіп, телеарнаның YouTube арнасына жарияланды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Диярбакыр қаласында жаңа жер асты дүмпулері кезінде ғимараттың қалай қирағанын көрсететін қорқынышты кадрлар жарияланған болатын. Опырылған кезде ғимараттың жанында құтқарушылар жұмыс істеп жатқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008345-turkiyada-tikelei-efir-kezinde-tagy-bir-gimarat-opyrylyp-tusti-video/