Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде көпқабатты үйдің құлағаны видеоға түсіп қалған (видео)

Опубликовано:

Түркияның Газиантеп қаласындағы ғимараттың құлауы
Ғимараттың құлаған сәті. Видеодан кадр: Т.me/rian_ru

Түркияның Газиантеп қаласында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды, оның толқыны көршілес аймақтарға да әсер етіп, бірқатар қалада ғимараттар қирады. Диярбакырдағы көпқабатты үйдің құлаған сәтін куәгерлер камераға түсіріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркияның Диярбакыр қаласында көпқабатты үйдің құлаған сәтіндегі видеоны РИА Новостидің Telegram-арнасы жариялады.

Еске салайық, Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 01:17-де (Астана уақыты бойынша 7:17) болған. Жер сілкінісінің ошағы қаладан 27 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болды.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, жер сілкінісі салдарынан Сирия мен Түркияда 500-денастам адам қаза тапты.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдап, тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008163-turkiyadagy-zer-silkinisi-kezinde-kopqabatty-uidin-qulagany-videoga-tusip-qalgan-video/

pixel