jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қиранды астында қалған жігіт 30 сағаттан соң дін аман табылды

Құтқарушылар Онур Бобуоғлыны үйінді астынан шығарған сәт
Құтқарушылар Онур Бобуоғлыны үйінді астынан шығарған сәт. Фото: aa.com.tr

Түркияның іздестіру-құтқару топтары зілзаладан кейін қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару жұмысын жалғастыруда. Үйінді астында қалған тұрғындардың бірі - 25 жастағы Онур Бобуоғлы. Оны құтқарушылар зілзаладан 30 сағат өткен соң аман-есен тауып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Онур Бобуоғлы Кахраманмараш қаласының басқа тұрғындармен бірге Хайролла ауданында опырылған 8 қабатты үйдің астында қалып қойған.

Бұл маңда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылар кенет қирандылардың астында қалған жас жігіттің дауысын естіп қалған.

Жарты сағат ішінде Онур құтқарылған. Басылым жас жігіттің 30 сағат бойы үйінді астында болғанын жазады. Қазір ол ауруханада жатыр.

Онурдың әпкесі Сева Гедик інісін тірідей көргенде көз жасын тыя алмаған.

Құтқарушылардың бірі Тұрғыт Доланбай Anadolu агенттігіне үй қирандыларының астындағы дауысты естігенде қатты қуанғанын айтқан.

Доланбай Онур Бобуоғлының ата-анасы мен ағасының да бір күн бұрын тірі табылғанын, олардың ауруханаға жеткізілгенін мәлім еткен.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан Түркияда 3 419 адам, Сирияда 800-ден аса адам көз жұмған.

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қиранды астында қалған жігіт 30 сағаттан соң дін аман табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.