jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы зілзала: Қаза тапқандар саны 7 мыңнан асты

Түркиядағы жер сілкінісі
Фото: aa.com.tr

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 7 мыңнан асты. Бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Түркия Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) дерегінше, зілзаладан көз жұмғандар саны 7 108 адамға жетті, тағы 40 910 адам зардап шеккен.

Сондай-ақ 5 775 ғимарат қираған. Апат аймағының тұрғындары үшін 50 818 шатыр орнатылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 79 110 адам жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Табиғи апатқа байланысты елде жеті күндік аза тұту күні жарияланды.

Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.

Түркиядағы зілзала: Қаза тапқандар саны 7 мыңнан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.