Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6234-ке жетті

Опубликовано:

Адыямандағы құтқарушылар
Адыямандағы үйіндіде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Оқиға орны: Civil Defence Organization of Turkish Republic Of Northern Cyprus/Handout/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасы жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер саны туралы жаңа мәліметтерді ұсынды. Қаза тапқандар саны 6,2 мыңнан асты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысында орын алған бірқатар жер сілкінісінен 8 ақпандағы мәліметтер бойынша 6234 адам қаза тауып, 37 001 адам жарақат алған.

Сирияда соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан 1250 адам қаза тауып, 2054 адам жарақат алған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

Төтенше жағдайға байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтып, үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Бүгін еліміздің Төтенше жағдайлар министірінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ 8 ақпан күні ТЖМ қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға баратынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008554-turkiyadagy-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-6234-ke-zetti/

pixel