Ердоған Түркиядағы жер сілкінісінен 8574 адамның қаза тапқанын хабарлады
Жарияланған күні:
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғандар туралы жаңа мәлімет жариялады. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Ердоғанның сөзінше, зілзала салдарынан 8574 адам көз жұмған. Тағы 49 133 адам жарақат алған. Сонымен қатар 6444 ғимарат опырылып түскен.
Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.
Табиғи апатқа байланысты елде жеті күндік аза тұту күні жарияланды.
Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008614-erdogan-turkiyadagy-zer-silkinisinen-8574-adamnyn-qaza-tapqanyn-xabarlady/