Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магнитудасы 4,8: Түркияда тағы жер сілкінді

Жарияланған күні:

Жер сілкінісінен кейінгі Кахраманмараш қаласы
Жер сілкінісінен кейінгі Кахраманмараш қаласы. Фото: Evrim Aydin/Anadolu Agency via Getty Images

Бейсенбі, 9 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш провинциясы маңында магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) ресми сайтында хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 07:18-де (Астана уақыты бойынша 13:18-де) 6 ақпан күні жойқын жер сілкінісінің эпицентрі болған Кахраманмараш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте.

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008754-magnitudasy-48turkiyada-tagy-zer-silkindi/