jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін бүтін бір қала жойылады

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Фото: Anadolu Agency/Contributor/Getty Images

Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толығымен жермен жексен етіліп, жойылады. Ол өткен аптада болған жер сілкінісінен қатты зардап шекті, деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қаланың толық жойылатыны туралы бүгін губернатор міндетін атқарушы Осман Бильгин айтты.

Саясаткер үйінді астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз орасан зор апатты басымыздан кештік. Біз қала құрылысы министрі Куруммен бірлесіп шешім қабылдадық: барлық үйінділерді аламыз, қала толығымен қиратылады – 100 пайыз. Біз бір ғана үйдің қирандыларының астынан 150 адамның мәйітін таптық. Қала қайтадан тұрғызылады", – дейді Бильгин түрік телеарнасының эфирінде.

Қала тұрғындарының саны кемінде 40 мың адам болғаны хабарланды.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін бүтін бір қала жойылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.