Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісінен қираған үйлерді салуға қатысы бар мердігерлерді ұстау жалғасуда

Жарияланған күні:

Түркияда жер сілкінісінен құлаған үйлердің қирандылары
Түркияда жер сілкінісінен құлаған үйлердің қирандылары. Фото: Burak Kara / Getty images

Түркия полициясы жер сілкінісі салдарынан қираған үйлерді салушы құрылыс компанияларының мердігерлерін ұстауды жалғастыруда, деп хабарлайды ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, ұсталғандар арасында Хатай провинциясында жер сілкінісі кезінде толығымен қираған тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысқан мердігер Омер Жихан да бар.

Ал Анкарада Жиханның әріптесі Ердоған Кечечиоғлы қамауға алынған. Ыстанбұлда мердігер ұйымдардың басшыларын қосқанда тағы бес адам қамауға алынған.

Сондай-ақ басылым мәліметінше, Адана прокуратурасы құрылыс компанияларына қатысы бар 62 адамды ұстауға санкция берген. Шанлыурфа билігі 11 адамды ұстаса, Малатия билігі 31 адамға іздеу жариялаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Хатай провинциясындағы жер сілкінісінен кейін толығымен қираған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Чшар Чоскун елден ұшып кетпек болған кезінде Ыстанбұл әуежайында ұсталған болатын.

Айта кетсек, Түркия билігі жер сілкінісінен кейін 10 провинциядағы ғимараттардың жағдайын бағалады. Сарапшылар мыңдаған ғимараттарды бұзуға тура келеді деген қорытындыға келген.

Сонымен қатар Газиантеп провинциясындағы қалалардың бірі толығымен жойылатын болды. Қала қайта салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009247-turkiyada-zer-silkinisinen-qiragan-uilerdi-turgyzgan-8-merdiger-qamauga-alyndy/