jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа емделу үшін елден шығуға рұқсат берілді

Алмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев. Фото: Риа Новости

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты іс қосымша тергеуге жіберілді. Сондай-ақ саясаткерге емделу үшін елден тыс жерлерге шығуға рұқсат етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg басылымының хабарлауынша, криминалдық авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы сөз болып отыр.

Тілшілердің мәліметінше, құқық қорғау органдарындағы дереккөздер Қырғыз Республикасының Жоғарғы соты істі жаңадан қарау бойынша шешім шығарғанын хабарлады.

"Бұрынғы президенттің адвокаттары Жоғарғы сотқа өтініш бергені белгілі. Олар істі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қарау керектігін көрсетті. Осылайша Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты істі қайта қарайды", – деп хабарлады олар.

Тілшілер сонымен қатар сот Атамбаевқа емделуге Қырғызстаннан тыс жерлерге шығуға рұқсат берген құжаттың суретін де жариялады.

Kaktus media басылымы экс-президенттің адвокаттарымен сөйлескен. Олар Қырғызстан Жоғарғы сотының судьясы Кенешбек Токтомамбетов төрағалық ететін сот алқасы Азиз Батукаевқа қатысты іс бойынша Атамбаевқа шығарылған үкімнің күшін жойғанын хабарлаған. Бұл істе жаңа мән-жайлардың ашылуына байланысты. Яғни сот Атамбаевтың қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырған.

Басылым саясаткерді үйінде қарсы алуға дайындалып жатқанын жазды.

Саяси қайраткер Ирина Карамушкина да өзінің Facebook парақшасында Алмазбек Атамбаевтың үйіне оралатынын хабарлады.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа емделу үшін елден шығуға рұқсат берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.