Түркия билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артқанын хабарлады
Жарияланған күні:
Өткен дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 32 мыңға жуықтады. Жаңартылған ақпаратты ел билігі ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасы 31 974 адамның қаза болғанын растады, деп жазады РИА Новости.
Еске салсақ, дүйсенбі 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, мыңдаған адам үйінді астында қалды.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл – елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.
Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009398-turkiya-biligi-zer-silkinisinen-zardap-sekkender-sany-artqanyn-xabarlady/