Түркия билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артқанын хабарлады
Опубликовано:
Өткен дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 32 мыңға жуықтады. Жаңартылған ақпаратты ел билігі ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасы 31 974 адамның қаза болғанын растады, деп жазады РИА Новости.
Еске салсақ, дүйсенбі 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, мыңдаған адам үйінді астында қалды.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл – елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.
Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.
- Түркиядағы зілзала: ТЖМ қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті (видео)
- Гандболдан Түркия құрамасының капитаны бес жасар баласымен бірге қиранды астында қаза тапты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2009398-turkiya-biligi-zer-silkinisinen-zardap-sekkender-sany-artqanyn-xabarlady/