Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда 222 сағат бойы үйінді астында жатқан әйел аман-есен құтқарылды

Опубликовано:

Түркия
Түркиядағы зілзала ошағы. Фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Түркияда жер сілкінісінің оныншы күнінде, яғни 222 сағат өткен соң үйінді астынан 42 жастағы Мелике Имамоглу құтқарылды. Бұл туралы Anadoly агенттігі хабарлады, деп жазады Хабар24 арнасы.

Әйел Кахраманмараш провинциясының Оникишубат ауданында құлаған үй қирандыларының астында 222 сағат жатып қалған. Қираған үй орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын Бурса провинциясының жасақтары жүргізіп жатыр. Үйінді астынан шығарылған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл) болды.

Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 35,4 мыңнан асты. Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияның бірқатар провинциясында жер сілкінісінен 3,6 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009567-turkiyada-222-sagat-boiy-uiindi-astynda-zatqan-aiel-aman-esen-qutqaryldy/

pixel