Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда зілзаладан кейін 10 тәулік бойы қиранды астында жатқан бала аман табылды

Жарияланған күні:

Түркиядағы жер сілкінісінің зардабы
Түркиядағы зілзала болған аумақ. Көрнекі фото: Chris McGrath / Staff/ Getty images

Түркияда жер сілкінісінен 260 сағат өткен соң 12 жасар бала қиранды астынан аман табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлауынша, 12 жасар бала Хатай провинциясындағы қиранды астынан құтқарылған.

"260-шы сағат... Хатайда бала қиранды астынан аман шықты", - деп хабарлайды телеарна.

Сондай-ақ басылым Anadolu агенттігінің мәліметіне сүйеніп, 12 жасар бала Антакья қаласындағы үйінді астынан табылғанын нақтылаған.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болып, көршілес қала тұрғындары да зардап шекті.

Жерасты дүмпулері Түркияның 10 провинциясында, сондай-ақ Сирия аумағында сезілді.

Дәл сол күні магнитудасы 7,7 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Одан кейінгі күндері Түркияда тағы бірнеше жер асты дүмпуі тіркелді.

БАҚ-та пайда болған соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009779-turkiyada-zilzaladan-keiin-10-taulik-boiy-qirandy-astynda-zatqan-bala-aman-tabyldy/