Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетонға қысылып қалған": Түркияда қиранды астында 261 сағат жатқан екі ер адам құтқарылды

Опубликовано:

Аман табылған ер адам
Аман табылған ер адам. Фото: aa.com.tr

Түркияда жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң қиранды астынан екі ер адам аман табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авджиді зілзаладан 261 сағат өткен соң Антакияның Одабаши ауданында қирандылар астынан аман тапқан.

Одабаши көшесіндегі қирандыларды аршумен айналысып жатқан құтқару тобының басылымға айтуынша, екі ер адам құлаған үйдің бетондары арасында қысылып қалған.

Құтқарушылар Мехмет Али Шакироглу мен Мұстафа Авджиді бетондардан алып шығу оңайға соқпағанын айтты.

Басылым мәліметінше, екі азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Антакьядағы қиранды астында 10 тәулік бойы жатқан 12 жасар бала аман-есен құтқарылғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009785-betonga-qysylyp-qalgan-turkiyada-qirandy-astynda-261-sagat-zatqan-eki-er-adam-qutqaryldy/

pixel