Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда белгісіз біреулер полиция учаскесіне оқ атты: зардап шеккен адам бар (видео)

Опубликовано:

Пәкістан полициясы
Пәкістан полициясы. Фото: Asad Zaidi/Bloomberg via Getty Images

Пәкістанның Карачи қаласында қаруланған адамдар полицияның бас кеңсесіне шабуыл жасады. Ақпаратты Geo News телеарнасына мемлекеттік органдар растаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, қаруланған күдіктілер полиция учаскесінің маңында орналасқан бас кеңсеге бірнеше мәрте оқ атқан.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, полиция бөліміне кем дегенде 8-10 адам кірген, атыс жарты сағаттан бері жалғасуда.

Қазіргі уақытта бір Құтқару қызметінің қызметкері жараланғаны белгілі. Ол ауруханаға жеткізілген. Телеарнаның ақпаратынша, ер адамға екі оқ тиген, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция шабуылдағандармен келіссөз жүргізуге тырысуда, азаматтардың қауіпсіздігі үшін аудандағы жолдар жабық.

Қарулы шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты провинцияның бас министрі Синд Саид Мурад Али Шах та растаған. Ол жағдайдың жіті бақылауда екенін атап өтті.

Губернатор Синда Камран Тессори де жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол мемлекеттік органдарға "терроистерге қарсы батыл шешімдер қабылдауды" тапсырған, деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009916-pakistanda-belgisiz-bireuler-policiya-ucaskesine-oq-atty-zardap-sekken-adam-bar-video/

pixel